Маңғыстау облысы білім басқармасының "Оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жаңаөзен қаласы, Ақбұлақ шағынауданы, Төреғали Қадыров көшесі, 21Б

879921166666

«Ашық есік күні»

Маңғыстау облысының білім басқармасы «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының 1.1 –тармағына сәйкес әзірленген «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөнінде 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарының» 20-тармағын орындау барысында Маңғыстау облысы білім басқармасының «Оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ата-аналарды және қызметкерлерді тарта отырып «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.
Ашық есік күніне Жаңаөзен қаласы прокуратурасының прокуроры Сахибай Қанат Өмірғалиұлы қатысып, өз сөзінде Айқындықты көтеру мақсатында, мемлекеттік білім беру ұйымдарына бөлінген қаржысыны және қайда жұмсалғандығы туралы мәліметтерді білім беру ұйымдарының сайттарына орналастыру туралы және әртүрлі іс-шаралар ұйымдастыру барысында Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған «Адалдық сағаты», «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ», «Адал дос» және «Абройлы ұстаз» деген атаулармен конкурстар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, шағын эпизодтармен көрсету керектігін түсіндірді