Маңғыстау облысы білім басқармасының "Оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жаңаөзен қаласы, Ақбұлақ шағынауданы, Төреғали Қадыров көшесі, 21Б

879921166666

«Ата-ана мектебі»

27.12.2023ж күні Маңғыстау облысы білім басқармасының «Оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жаңа жыл- жаңа нұр!» атты ертеңгілік өткізілді.
Ертеңгілімізге қолдау көрсеткен «Қанағат» қайырымдылық қорының директоры Д.Саргулова, «Бұрғылау» мекемесі және «Халық банк» АҚ Жаңаөзен аймақтық филиалы өкілдері қатысып, тәтті сыйлықтарымен балаларымызды қуантып, тілектерін білдірді.
Ерекше балаларымызға көңіл-күй сыйлаған демеушілерге орталық директоры Ж.Нуртаева ұжымның және ата-аналар атынан алғысын білдірді.