Маңғыстау облысы білім басқармасының "Оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жаңаөзен қаласы, Ақбұлақ шағынауданы, Төреғали Қадыров көшесі, 21Б

879921166666

«АВА -терапияны»

Жоспар бойынша 28.02.2024ж. күні Маңғыстау облысы білім басқармасының «Оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттестіктің бұзылуы бар балалардың ата-аналарымен «АВА -терапияны» қолдану әдістері тақырыбында семинар өтті.
Семинар мақсаты: Орталықпен ата-аналар арасындағы байланысты нығайту, ерекше қажеттілігі бар балаларға жағдай жасау. АВА-терапия әдістерін үй жағдайында қолдану жолдарын үйрету.
Аталған шараға Маңғыстау облысының балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Тлектес Аманқосовна Болатбаева, Жаңаөзен қаласы бойынша қоғамдық кеңес төрағасы Аманқос Эдилов және ата-аналар қатысты.
Семинар орталық тәрбиеленушілерінің мерекелік бағдарламасымен ашылып, орталық мамандары логопед Д.Көптілеуова, Ж.Акимова, М.Ізтұрғанова, дефектолог А.Жұмабаева, А.Бақытжанова, психолог Г.Отаралиева әлемдік тәжірибе нәтижесінде қолданысқа кең еніп, ең тиімді әдіс саналып жүрген АВА терапиясының әдіс-тәсілдері, нұсқаулықты үйрету жолдары, түзете-дамыту жұмыстары, сенсорлық интеграция туралы ата-аналарға үй жағдайында білім беруге жағдай жасау бағытында түсінік берді.
Шара соңында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған тәрбиеленушілердің видеоролигі көрсетіліп, келген қонақтар, ата-аналар алған әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді.