Маңғыстау облысы білім басқармасының "Оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жаңаөзен қаласы, Ақбұлақ шағынауданы, Төреғали Қадыров көшесі, 21Б

879921166666

Күз ерекшеліктері және «Ж» дыбысын машықтандыру

«Оңалту орталығы» коммуналдық мемлекетік мекемесінің жас маманы логопед Аққалиева Жансая кезекті ашық түзету-дамыту сабағын, Қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттестіктің бұзылуы бар балалардың тобында өткізілді.

Тақырыбы: Күз ерекшеліктері және «Ж» дыбысын машықтандыру.
Күз мезгілі туралы түсінік қалыптастыру. «Ж» дыбысын ойын арқылы буында, сөзде машықтандыру. Балалардың артикуляциялық мүшелерінің қозғалыс белсенділігін арттыру. Дұрыс тыныс алуын қалыптастыру, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Қарым-қатынас дағдыларын тәрбиелеу. Тапсырманы мұқият орындауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.