Маңғыстау облысы білім басқармасының "Оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жаңаөзен қаласы, Ақбұлақ шағынауданы, Төреғали Қадыров көшесі, 21Б

879921166666

Күз мезгілінің ғажайыптары

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Оңалту орталығы» КММ-де тәрбиеленушілер арасында күз мезгілінің ғажайыптары мен әсем көрністерін сипаттауға арналған мерекелік шара өтті. Орталықтағы балалардың танымдық, шығармашылық әрекетін қалыптастыруға бағытталған іс-шарада, балалар ән айтып, би билеп, күз ханшайымының берекелі құшағына шомылды. Білім мен тәрбиені сабақтастырған бұл шарада «Дефиле-сән әлемінде» сайсында қыздарымыз әдемі көйлектерімен, ал ұлдарымыз болса «Шебер қол ештеңені таңдамайды» атты сайыста, ата-аналарымен бірге жасаған туындыларымен бақ сынасты. Мерекелік іш –шара соңында орталық басшысы Ж.А. Нуртаева түрлі номинация, мақтау қағаздары мен қоса сыйлықтар табыстап, ерекше көңіл күйге бөленіп, күз мезгіліне құрмет көрсетті. Келген ата-аналарымыз өз ризашылықтарын білдірді.