Маңғыстау облысы білім басқармасының "Оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жаңаөзен қаласы, Ақбұлақ шағынауданы, Төреғали Қадыров көшесі, 21Б

879921166666

«Наурыз-базарлық»

14-23 аралығында «Наурыз-базарлық» маусымы іс-шара аясында, Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу бойынша орталығымызда дәстүрлі өтетін «Тұсау кесу» рәсімі ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға Жаңаөзен қала әкімнің орынбасары Ж.Аймағанбетов пен қалалық білім бөлімінің басшысы Ө.Табынчаев және ата-аналар қатысты.
Келген қонақтарымыз «Мейірім» тобынан Әдемі қызымыз бен Альтаир ұлымыздың тұсауын кесіп, өз баталарын берді. Ата –аналар орталық мамандарының түзету жұмыстарының нәтижесінде балаларының жетістікке жетіп, қадам басқандарына ризашылықтарын білдіріп, орталық мамандарына алғыстарын білдірді.