Маңғыстау облысы білім басқармасының "Оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жаңаөзен қаласы, Ақбұлақ шағынауданы, Төреғали Қадыров көшесі, 21Б

879921166666

«ҮМІТ» фестивалі

Облыстық Білім берудің оқу –әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен 3-6 жас аралығында Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған облыстық сырттай «ҮМІТ» фестиваліне Оңалту орталығынан 15 тәрбиеленуші қатысып, балалар диплом мен жиырма мың «Балалар әлемі» дүкеніне сертификат табысталды және жетекшілерін «Алғыс» хатпен марапаттады.
Аталған марапатын табыстау үшін ата-аналар және Қоғамдық кеңес мүшесі Қосаман Жайлы шақырылып концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Ата-аналар және Қосаман Жайлы алғыстарын айтып, соңында орталық директоры Жарқын Андреевна Облыстық оқу әдістемелік орталығының марапаттарын тәрбиеленушілер мен жетекшілеріне табыстады.